Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Алғыс айту күнінде ақын, Халық-аралық С.Есенин атындағы «Алтын күз» орденінің, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Парламент Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Қазыбек Исамен кездесті. Арман Романұлы жерлес ақынды «Қазыбек Иса атындағы шығармашылық бірлестіктің» құрылғанына 10 жыл толған атаулы датамен құттықтады.

Аудан басшысы жерлес ақынның шығармашылығына шабыт тілеп, құрмет көрсетті. Кездесуге мемлекет және қоғам қайраткері Ислам Әбіш қатысты.

Шардаралық ақын-жазушылардан құрылған әдеби бірлестік шағалалы өңірдің рухани байлығына сүбелі үлестерін қосып келе жатқандарын тұрғындар жақсы біледі.

Рүстем Пердебек.