Аудан әкімінің өкімімен 2024 жылдың 15 наурызынан бастап, Ильясов Сержан Абдухарұлы аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев жаңа орынбасарын ұжыммен таныстыра отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жемісті еңбек етуіне сенім білдірді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласы бойынша маңызды деген бірқатар мәселелерді жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар жүктеді.
Алдағы уақытта Сержан Абдухарұлы экономика, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларына жетекшілік етеді.
Еңбек жолында "Мариям" шаруа қожалығының мүшесі, облыстық жер ресурстар басқару жөніндегі комитет филиалында маман, жетекші маман, Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде сектор меңгерушісі, Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімінің орынбасары және Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
С.Ильясовтың жаңа қызметіне сәттілік тілейміз.
«Өскен өңір» – ақпарат.