Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.

Тарқатып айтсақ, аудан басшысы әуелі қаладағы «Шебер» тігін фабрикасына арналған ғимараттың құрылыс жұмысымен танысты. Мұнда ескі ғимаратты жөндеп,  тігін фабрикасының филиалын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, аудан әкімі Өтеғұл және 3-4 шағынаудандарда болып, жөндеуден өтетін жолдар мен тас, асфалть төселетін көшелермен танысты. Сонымен қатар, аудан әкімінің тікелей бастамасымен жүзеге асып жатқан Шардара-Келес бағытындағы кіреберістегі абаттандыру құрылысына барды. Онда ауданның тарихы мен брендіне қатысты тақтайшалар мен мүсіндер қойылып, келіп-кетіп жатқан жолаушылардың демалуына арналған шағын сквер салу жоспарланған. Бүгінгі күні құрылыс жұмысы қарқынды жүргізілуде.

Аудан әкімі А.Қарсыбаев танысып шыққан нысандар бойынша жауапты әр сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстарды уақытылы орындап, ширатуды жүктеді.

«Өскен өңір» – ақпарат.