Кешегі аптада «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев Шардара ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қызылқұм каналындағы құрылыс жұмыстарын бақылап көрді.

Қызылқұм магистралды каналының ПК 67 бекетіндегі дюкердің құрылыс жұмыстары 2019 жылы бастау алған. Қазіргі таңда оның астыңғы бөлігінен өтетін 4х2,5 мөлшерлі 70 метр темір бетон құбырын бетондау жұмыстары аяқталды. Жалпы темір бетон құбырдың құйылатын ұзындығы 140 метр болса, оның 120 метрі құйылып, бетондау жұмыстары жалғасуда.

Қызылқұм магистралды каналының бұзылған бөлігіне жалпы 742 м3 бетон құйылу қажет. Қазір магистралды каналдың бұзылған бөлігін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, бетондау жұмыстарына дайындауда.

«Алда суару маусымы келе жатқанын ескерсек, құрылыс шаруаларға кедергі келтірмеуі тиіс және егістікке қажетті судың уақытылы баруы қажет». Осылай деген филиал директоры Қазыбек Қошқарбекұлы мердігер мекемеге жұмыстың сапалы болуын және нысанды уақытылы тапсыруын міндеттеді. Құрылыс жұмыстары "Қазсушар" РМК Түркістан филиалының басшылығы тарапынан бақылауда.

Шардара су қоймасынан су алатын Қызылқұм магистралды каналы Шардара ауданы бойынша 61837 гектар егістік алқабын сумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Жалпы ұзындығы 106,1 шақырымды құрайды.

«Өскен өңір» – ақпарат.