Аптаның сәрсенбісінде сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүталиев, қала-ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Сессия алдында мәслихат төрағасы Б.Мүталиев ҚР Мәслихатының 30 жылдығына орай аудандық мәслихат депутаттарына мерекелік төсбелгі табыстап, мерейтойлық кітапты тарту етті.
Мұнан соң, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Көшалиев 31 наурызда өткен Шардара аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына өткен сайлаудың қорытындысын хабарлады. Сайлау қорытындысымен №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шардара аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлына салтанатты түрде депутаттық куәлік пен төсбелгі табыс етті.
Ары қарай, сессияда барысында төмендегідей мәселелер қаралды.
Аудандык жер қатынастар белімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі;
Қызылкұм және Сүткент ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген қызметтер мен міндеттерін іске асыру туралы есептері, 2023 жылы аудандық мәслихаттың сессияларында депутаттар айтқан сын-ескертпелер мен ұсыныстардың, депутаттық сауалдардың орындалу барысы туралы, Шардара аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы мәселелер қаралып, баяндамалар талқыланды.
Баяндамашыларға мәслихат депутаттары тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар мен шешілуге тиісті мәселелер айтылды. Атқарылған жұмыстар депутаттар тарапынан талқыланып, оң баға берілді.
Сонымен қатар ауданның бюджеті мен басқа да мәслихат шешімдері бекітіліп, жоспарлар түзілді.
Өз тілшімізден.