Шардара қаласынан «Aqniet Holding» ЖШС-не қарасты «Шебер» қоғамдық бірлестігі іске қосылды. Өндіріс орнында тұрақты 50 адам жұмыспен қамту жоспарланған.
Жобаға аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара қаласында дайын ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, кәсіпкерге пайдалануға берілген болатын. Фабрикада 2024 жылы аяқ киім шығару және жиһаз өндірісін іске қосу жоспарланған.
Айта кетсек, ағымдағы жылы 19 сәуірде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының ауданға ресми іссапары барысында «Шебер» тігін фабрикасы іске қосылған болатын.
Қазіргі кезде тігін фабрикасында бірнеше адам арнайы практикалық тәжірибеден өткізілуде. Тәжірибеден өткен азаматшалар тұрақты түрде жұмыспен қамтылуда.
Алдағы уақытта тігін фабрикасында қосымша аяқ киім шығару, жихаз өндірісін қолға алу жоспарланған.
«Өскен өңір» – ақпарат.