Құрметтi жерлестер!
Сiздердi татулық пен келiсiмнiң мерекесi 1 Мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесi – бейбiт өмiр мен ынтымақта тұрмыс кешiп отырған ел тұрғындары үшiн ыстық ықылас пен достық ниеттiң мерекесi.
Мемлекетiмiздiң басты байлығы халқымыздың этносаралық және конфессияаралық келiсiмi, өзара түсiнiстiгi мен сыйластығы болып табылады.
Елбасымыздың бастамасымен 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық саясатты өркениеттi түрде жүзеге асырудың, барлық этнос өкiлдерiнiң азаматтық топтасу құралдарының бiрi бола отырып, азаматтық қоғамның толыққанды әрi аса тиiмдi институтына айналды.
Бүгiн бiз Ұлы даланың ұлағатымен Мәңгiлiк Ел құруға қадам бастық. Күн сайын құбылған заманның иiрiмiне төтеп беретiн қуатты мемлекеттi қалыптастырдық. Елеулi өзгерiстер қоғамымыздың барлық саласын қамтып отыр. Жалпыұлттық жаңғыру саяси-экономикалық салалармен қатар, азаматтық санаға да серпiлiс алып келдi.
«Бiрлiк болмай, тiрлiк болмас» деген дана сөз бар халқымызда. Берекенi көздеген ел мерекелi тiрлiк жасаудан жалықпаған.
Бiздiң бәрiмiздiң мақсатымыз бiр – бiздiң ортақ Отанымыздың өркендеуi. Бүгiнде өңiрiмiзде жүзi басқа болса да, жүрегi бiр, түрi басқа болса да тiлегi бiр 22 ұлт өкiлдерi бiр атаның баласындай еңбек етiп, ауданымыздың өркендеуi мен гүлденуiне өз үлестерiн қосып келедi. Алдағы уақытта да қалыптасқан елдiк дәстүрiмiздi, береке-бiрлiгiмiздi, ұйымшылдық пен татулығымызды сақтай отырып, биiк белестерден көрiне берейiк.
Құрметтi шардаралықтар!
Бүкiл әлемде орын алып отырған коронавирус iндетiн бiздер тек бiрлiк пен ынтымақ танытып жеңе аламыз. Баршаңыздың отбасыларыңызға бақ-береке, қуаныш пен бақыт тiлеймiз. Қазақстан халқы өркен жайып, тәуелсiз елiмiзде тыныштық пен татулық бола бергей!
Аудан әкiмi Қ.Жолдыбай.
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Мүтәлиев.