27-29 сәуір күндері Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиаданың республикалық кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен білімде де дарынды оқушылар жиналды. Олардың қатарында ауданымыздағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 11 «б» сынып оқушысы Серікбай Бірғаным да бақ сынады.
Білімпаз жастар арасында тарих пәні бойынша бақ сынаған Бірғаным олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сөз реті келгенде Бірғанымды сайысқа дайындаған жетекшісі аталған мектеп-интернаттың директоры, тарих пәнінің мұғалімі Баян Қанайбекова екендігін атап кеткеніміз жөн.
Білімге құштар оқушы мен жетекшісін, оларға қолдау көрсеткен ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!
Білім шыңын бағындыратын жастарымыз көп болғай!
Өз тілшімізден.