Дүйсенбіде аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті.
Жиында күн тәртібіндегі Қызылқұм ауылындағы ауыз су ұңғымасының мәселесі, Жаушықұм ауылын газдандыру құрлысы, Шардара қаласының кәріз жүйесі, жарықтандыру, тазалықты күшейту, көпқабатты үйлерді газдандыру, шегірткімен күрес, қашыртқыларды тазалау, инвесторларды тарту жұмысы, жағажайларға әжетхана салу және басқа да инфрақұрылым мен құжаттама жұмыстары қозғалды.
Аудан әкімі тиісті тапсырмалар жүктелген орынбасарлар, бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне қатаң ескерту жасап, мерзімінен кешіккен әрбір жұмыс үшін шара көретінін айтты. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанынында атқарылған жұмыстарды қортындылап, әрбір саладағы жұмысты ширатуды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.