Апта басында Шардара ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарының фракциясы отырысы өтті
Мәжіліске облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Серманизов, “Amanat” партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, фракция мүшелері, фракция жетекшісінің орынбасары Болат Раймұханов, аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері.
Жиынның күн тәртібінде Шардара ауданы бойынша сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және жылумен қамту объектілеріндегі жағдай туралы аудан әкімінің орынбасары Нұрмаханбет Сапаровтың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы толыққанды хабарлама жасады. Депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Фракция мәжілісінің қорытындысында бірнеше ауылдық округтердің, елді мекенге ауыз су, газ құбырларын, интернет желісін тарту бойынша ұсыныстар беріліп, тиісті қаулы қабылданды.
"Өскен өңір" – ақпарат.