Кешегі аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласы №4 мөлтекауданында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатқан 1200 орындық және Өтеғұл шағынауданындағы 300 орындық жайлы мектептердің құрылысымен танысты. Ондағы құрылысшы мамандармен кездесіп, жұмыстың жай-күйін сұрады. Мердігер тараптың айтуынша мектеп 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Аудан басшысы  жайлы мектептердің салынуы жаңадан халық шоғырланып жатқан мөлтекаудандардың тұрғындарына өте қолайлы болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, А.Романұлы жаңадан салынған  тұрғын үйлермен танысып, ондағы абаттандыру жұмыстарын талқылады. Сондай-ақ, қаладағы жаңадан асфальт төселген Юсупов көшесіне барып, жауапты бөлімдерге жол сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Бұдан бөлек, бірінші кезекте асфальт салынуы керек көшелер бойынша сөз қозғалды.

Өз тілшімізден