Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев қала аумағын аралап, екі нысанмен танысты.
Бірінші Б.Момышұлы көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарын қарады. Жол төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Строительная компания «Строймонтаж» ЖШС-нің өкілдерімен сөйлесіп, жұмысты сапалы және уақытылы жасау керектігін жеткізді. Сонымен қатар, екінші мөлтекаудандағы қараусыз бос жатқан жерге барып, ондағы ызасу мен қоқысты тазалап, алдағы уақытта абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Айта кетсек, жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 16 нысан немесе 9,3 шақырымды құрайтын Шардара қаласындағы көшелерге тас төсеу және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Шардара қаласындағы Мұнай база, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Қорқыт ата, Рысқұлов, Тәуелсіздік, Мұса Жәлел көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Осы жылдың маусым айына дейін Б.Момышұлы, Смағұлов, Ақан Сері, Ш.Уәлиханов, Юсупов және Жандосов көшелеріне асфальт жабынын төсеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып, бүгінгі таңда Юсупов, Уәлиханов, Ақан Сері, Б.Момышұлы көшесіне асфальт төселуде. Бұдан кейін Смағұлов көшесіне асфальт төселеді. Сонымен қатар Шардара қаласындағы Ә.Қастеев, Құршан, Ералиев көшелері мен жаңадан салынған орталық емханаға баратын жолдарды асфальттеу мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан соң 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау күтілуде.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.