Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің кезекті сайлауын шардаралықтар 2024 жылдың 2 маусымында жоғары деңгейде өткізді.

Нәтижесінде Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі болып Алтынбеков Аманғани Анықбекұлы және Көксу ауылдық округінің әкімі болып Қошхарбаев Бахтыбай Тұрсынбайұлы сайланды.

Ел сеніміне ие болып, сайланған азаматтарды аудан әкімі Арман Қарсыбаев  арнайы барып, ұжымға таныстырды. Сондай-ақ, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серік Көшалиев сайлау комиссиясының шешімімен оларға қызметтік куәліктерін табыстады.

"Жалпы, ауыл әкімдерін  сайлау жауапкершілік жүгін  арттыра отырып, әлеуметтік-экономикалық реформалардың  тиянақты жүзеге асырылуына  мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұқараның билікке деген сенімі де нығая түспек. Ең бастысы, іскер азаматтардың әкім  болып сайлануы  жергілікті жердегі  мәселелерді  дұрыс шешуге ықпал етеді. Өйткені халықтың сенімінен  құнды дүние жоқ. Тұрғындар мен әкімнің арасында ешқандай да кедергі болмауы керек. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының орындалуының бір көрінісі деп білемін. Мұны әкім болып сайланған азаматтар жақсы білсе керек", – деген аудан басшысы жаңадан сайланған әкімдердің жемісті еңбек етулеріне сенім білдіріп, ел игілігі үшін аянбай жұмыс істеуге шақырды.

Рүстем ПЕРДЕБЕК.