1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай Шардара қаласынан шомылуға арналған аквапарк іске қосылды. Нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, құттықтады.
«Ауданымызға осындай кәсіпорындар салып, тұрғындарды жұмыспен қамтып жатқан азаматтарға өз алғысымды айтамын. Мұндай нысандар салу – ауданға инвестиция әкеле отырып, туризмнің де дамуына оң ықпал етеді.
Біздер әрқашан кәсіпкерлерді қолдауға дайынбыз, сіздер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жұмыс істей беріңіздер» – деді Арман Романұлы.
Айта кетсек, аква саяжайды жеке кәсіпкер Бекет Қадір 120 млн теңге қаржы шығарып, ашты. Шомылу орнының сыйымдылығы 200 адам, онда 20 адам жұмыспен қамтылып отыр.
"Өскен өңір" ақпарат.