Жуырда Сауран ауданы, Шорнақ ауылында қазақ күресінен ересектер арасында Астана күніне орайластырылған «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу жарысы өтті. Аталған жарысқа облысымыздың ең мықты балуандары қатысып, кіл мықтының ішінде кім мықтыны анықтады.
Білек күштері бұлт-бұлт ойнаған балуандар бәсекесіне жерлесіміз Қайсар Шамшидинов (суретте сол жақтан бірінші) ауданымыздың атынан шықты. Белдесулердің қорытындысы бойынша жерлесіміз күміс жүлдені еншілеп, «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама жеңіп алды.
Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын! Қайсардың алдағы уақытта өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде жеңімпаз атануына тілектеспіз!
«Өскен өңір» – ақпарат.