Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті. Жиында әр сала бойынша күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қозғалды.
Атап айтқанда, аудандағы қоқыс полигондарының жағдайы, тазалық бойынша рейд жүргізу, кәріз жүйесінің мәселесі, аудандағы қаржының игерілуі, инвесторларды тарту, құрылыс, инфрақұрылым және индикаторлық көрсеткіштер бойынша бірқатар жұмыс жоспарлары талқыланды.
Арман Романұлы әр салаға жауапты орынбасарлар,бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінен жеке-жеке атқарып жатқан жұмыстардың есебін сұрады. Сонымен қатар, әрбір саладағы кемшіліктерді саралап, жалған есеп беру үшін емес, нақты нәтижемен жұмыс жасау керектігін ескертті.
«Әрбіріңіз өз салаңыз бен міндеттеріңізді көзге көрінетін нәтижемен көрсетіңіздер. Жыл басынан бері тапсырылған жұмыстарды уақытылы жасай алмайтын болсаңыздар тиісті шараларыңызды аласыздар. Әкімдік аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыра отырып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамиды. Қазір халықтың көзі ашық, кімнің, қалай жұмыс істеп, нәтиже көрсетіп отырғанын біледі. Мен сіздердің қағаз жүзіндегі есептеріңізді емес, іс жүзінде жасаған жұмыстарыңызды ғана есептеймін» – деді аудан әкімі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.