Өткен аптаның жұмасында Шардара аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезекті жиырма төртінші сессиясы өтті. Мәжіліске аудан әкімі Арман Қарсыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүталиев, қала-ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Сессияда қаралған мәселелердің атауын "Өскен өңірдің" 7 маусымдағы №25 санында жазған болатынбыз. Ол мәтінді қайталап жатуды жөн көрмедік.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз алған баяндамашыларға мәслихат депутаттары тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар мен шешілуге тиісті мәселелер айтылды. Атқарылған жұмыстар депутаттар тарапынан талқыланып, оң баға берілді. Сонымен қатар ауданның бюджеті мен басқа да мәслихат шешімдері бекітіліп, жоспарлар түзілді.
Мәжіліс соңында аудан әкімі А.Қарсыбаев қорытынды сөз сөйлеп, атқарылуға тиісті жұмыстар мен күрмеулі мәселелерге тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
– Аудандағы жол жөндеу, сапалы ауыз сумен қамту, газдандыру, жұмыспен қамту, құрылыс және басқа да тұрғындардың қолайлылығы үшін жасалатын жұмыстар басты назарда болады, – деді аудан әкімі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.