Елiмiзде пандемияға байланысты төтенше жағдай режимi алынып тасталғанымен карантин талаптары сақталып қалды. Кей өңiрлерде мамырдың 25-iне дейiн созылды.
Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң басшылығының ұсынысымен мешiттерде де 25 мамырға дейiн карантин режимi сақталады. Түркiстан облысындағы мешiттерде де талаптар орындалады.
Жамағаттардан Айт намазына қатысты сұрақтар түсуде. “Неге және қашан?” деген сауалдарға берер жауап осы.
Түркiстан өңiрлiк коммуникациялық орталығында арнайы баспасөз мәслихаты өттi. Облыс имамы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен мешiттерде Айт намазының оқылмайтынын мәлiмдедi.
Мұның бәрi карантин аяқталғанға дейiн сақталатын шаралар болғандықтан, жамағаттарды түсiнiстiкпен қарауға шақырамыз. Айт күнiнде де мешiтте емес үйде болуларыңызды сұраймыз.
Айта кетейiк, ҚМДБ-на қарасты әлеуметтiк желiдегi ресми парақшаларынан Бас Мүфтиден бастап облыс, аудан, қала имамдары мен ұстаздары онлайн уағыз айтады.
Алла Тағала құлшылықтарыңызды қабыл етсiн!
Түркiстан облыстық өкiлдiгiнiң баспасөз қызметi.