2024 жылы аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара қаласындағы 10 көшеге асфальт, 6 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінгі таңда Жандосов, Уәлиханов, Юсупов, Смағұлова-Алаш, Момышұлы, Ақан Сері көшелеріне асфальт жабыны төселсе, Тәуелсіздік, Қорқыт ата, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Мұнай база, Мұса Жәлел, Рысқұлов көшелеріне тас төселді.

Сондай-ақ, қалалық емханаға баратын жол, Қастеев, Құршан және Ералиев көшелеріне асфальт жабынын төсеу мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қ.Тұрысбеков және Қоссейіт ауылдық округтепіндегі 14 көшеге асфальт жабынын төсеу жоспарлануда.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.