Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде тапсырма берген болатын. Бұл тазалықты насихаттап қана қоймай, ел-жұрттың басын біріктіретін рухани маңызы бар істің басы болды.

Ардагерлер үйінің маңында өткен іс-шараны Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков бастап, ішкі саясат бөлімінен Асылхан Данияров, Алмас Оспанов, еңбек ардагерлерінен Чжуев Тұрғанбек, Мархабаев Мұсахан, Рахматуллаев Байдулла, Бәкір Қалмырза, Назарбек Тоқсанбаев, Нұрғали Ибрайым  сынды ардагерлер қатысты. 

«Ұрпақты тәрбиелеу үшін ең алдымен өзімізді тәрбиелеуіміз керек, айналаны таза ұстап, қоршаған ортаға құрметпен қарасақ, тазалыққа жаны жақын ұрпақ қалыптасатыны ақиқат. Сондықтан отбасында баланы өмірге тәрбиелеу жолында, елге, жерге жаны ашып қарайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек» – дейді Т. Бердібеков. 

Таза көше мен көгалды саябақтар қаланың айнасы іспетті. Қоршаған ортасы таза елдің – жаны таза. Осындай мысалдарға толы «тазалық» сөзінің мағынасы терең. Жеке тазалықтан бастап қоғамдық тазалыққа дейінгі әрекеттердің барлығы адамның шынайы ниетімен жасалатын дүние. 

Мадина ЕРАЛЫ.