Кеше аудан әкімі Арман Қарсыбаев, ауыл шаруашылығына жауапты сала мамандары мен ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері бірігіп, Жаушықұм алқабына барды. Ондағы полиэтилен пленкасы арқылы егілген қарбыз егістік алқабында болды.

«Мұндағы басты мәселе – жиын-терімнен кейін егістік жерде қалған полиэтилен пленкасын жер иелеріне жинату.  Бұл егістік жер мен жайылып жүрген малға айтарлықтай зиян келтіретін зат. Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және ауылдық округ әкімдері бірігіп, әрбір жер иелеріне қарбыздан қалған  пленкаларын тазалатыңыздар. Бұл ең алдымен жерге экологиялық зардап бермеу мен тазалықты сақтау. Осындағы бүкіл шаруа қожалықтарға ескертіңіздер, жерлер тазаланбаған жағдайда әкімдік тарапынан тиісті заңды шаралар қолданылады» – деді Арман Романұлы.

Бірқатар шаруа қожалық иелеріне, атап айтқанда, «Бексултан-М», «Қожан ата», «Қонар ата», «Туребай-Д», «Шардара нұры», «АКСЕЛИНИ», «Нұр-Ержан-С», Райханов Көбей, «Құт Сабыр», Абишев Марат, «Нұр-Асыл-Су», Батиров Берді Абдирахманович, Жүнісова Аяш, Қалдарбеков Асқар, Бимырзаев Елубай, Омарова Бейсенкүл, Балқыбаева Жұмаш, Әшірбаева Салима, Бектөреев Айнабек, Қыстаубаева Сәуле, Тастанов Баржақсы сынды шаруа қожалық иелері мен диқандарға ескерту берілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.