Сәрсенбіде Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясы өтті.

Күн тәртібіне 6 мәселе қаралды. Негізгі мәселенің бірі – облыстың «Құрметті азаматы» атағын беру жайы. Сонымен, мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, депутаттар және басқарма басшылары, аудан әкімдері қатысқан жиында оңтүстіктің дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, қоғамдық қызмет және ауыл шаруашылығы жүйесінде еңбек еткен 31 азамат құрметке лайық деп танылды.

Ол қатарда жерлесіміз, ақын, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, руханият жанашыры Қазыбек Иса да  бар.

Бұқараның базынасын билікке жеткізіп, халықтың тұрмысын тіктеуге еңбек сіңіріп жүрген Қазыбек Жарылқасынұлына еңбегіңіз жана берсін дегіміз келеді. 

«Өскен өңір» – ақпарат.