22 шілдеде Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласовтың бұйрығына сәйкес, Мұсабеков Мейіржан Пердебекұлы (суретте сол жақта) аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшы болып тағайындалды.
Тағайындауға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов арнайы барып, жаңа басшыны ұжыммен таныстырып, жемісті қызмет етуіне сенім білдірді.
М.Мұсабеков 1986 жылы 7 наурызда Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде дүниеге келген. 2003-2007 жылдары Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолында 2015-2017 жылдары «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің әдіскері, 2017-2020 «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
Мейіржан Пердебекұлына алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
«Өскен өңір» – ақпарат.