Шілде айының 27-28-і күндері Ақтөбе қаласында грепплинг UWW спортынан жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа еліміздің барлық аймағынан «сен тұра тұр, мен атайын» дейтіндей кіл мықтылар қатысып, кіл мықтыда кім мықтыны анықтады. Олардың қатарында жерлестеріміз, Түркістан облыстық №4 ОРМБСЖМ спортшылары да өнер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдені еншілеп қайтты.
Атап айтар болсақ, 69 кг салмақта Ахат Жанғазиев алтын, 69 кг салмақта Саят Нұрберген күміс, 42 кг салмақта Сағадат Нұрберген қола жүлдегер атанды.
Жеңіске жеткен жерлестерімізді, олардың жаттықтырушысы Арман Абызовты жеңістерімен құттықтай отырып, Астана қаласында өтетін Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!
«Өскен өңір» – ақпарат.