Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев қаладағы бірнеше нысанды аралады.
Ең алдымен қалаға кіреберіске барып, төрт қақпа маңындағы сәулеттік нысандардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, Шардара-Келес және Жаушықұмға қарай бағытталған жолдың бойындағы жаңа саябақтың құрылысын бақылады.
Мұнан кейін, «Нұр Отан» шағынауданындағы тұрғындармен кездесіп, ондағы қоқыс және аялдамаға байланысты мәселелерді талқылады.
Бұдан бөлек, аудан әкімі 120 тұрғын үйдің құрылысымен танысып, «Жастар орталығына» жаңадан салынып жатқан ғимаратқа барды. Ондағы бірқатар жұмыстарды қарап, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.