Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға жауапты аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына келген тұрғындар әкімге баспана кезегі, тұрғын үйге газ кіргізу, жұмыс, әлеуметтік көмек және басқа да мұқтаждықтарын жеткізді.

Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған әр мәселеге жауап беріп, оларды тиісті мекемелерге шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.