Тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні болып бекітілген. Осыған орай, ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген ардагер және еңбек етіп жүрген құрылысшыларға құрмет көрсетілді. Осы күні аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев құрылысшыларға облыс және аудан әкімінің, сондай-ақ, мәслихат хатшысының атынан салтанатты түрде Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырып, ыстық лебізін білдірді.
«Ел дамуы үшін ең алғашқы қажетті мамандықтың бірі ол – құрылысшылар. Әсем ғимараттар мен көз тартатын сәулетті орта қалыптастыру – құрылысшылардың қолымен жүзеге асатын үлкен іс. Бүкіл әлем бойынша құрылыс саласы ерекше маңызға ие. Осында отырған әрбіріңіз ауданымыз бен еліміздің өркендеуіне мол үлес қосып келесіздер. Сіздерге әрқашан шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық, барша бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Баршаңызға мың алғыс!» – деді Б.Шомпиев.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.