Өткен аптада Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрi М.Мырзағалиев ауданымызға арнайы  iссапармен  келдi.

Министр iссапар барысында Шардара су қоймасының жағдайымен және ондағы жүрiп жатқан күрделi жөндеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Шардара су қоймасындағы құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан «АртҚұрылыс» және «Гидро Құрылыс» ЖШС-ларының жұмыстарына сырттай бақылау жасады.

Министр М.Мырзағалиев қазiргi кезде ең бастысы қауiпсiздiкке мән берiп, құрылыс жұмыстары өте сапалы және ұқыпты атқарылу керектiгiн айтты.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.