Апта басында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың ұйымдастыруымен зейнет жасындағы 30 еңбек ардагері Астана қаласына саяхат жасауға аттанды.
Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібековтың төрағалығымен сапарға шыққан азаматтардың арасында бастауыш ардагер ұйымдарының төрағалары, Ауған соғысының ардагерлері, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасы иелері бар. Қызылқұм тыңын игеру кезінде түрлі салада тер төгіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлер қауымы арқа төсіндегі ару Астананы тамашалап қайтпақшы.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев ардагерлерді шығарып салуға арнайы барып, ақсақалдарға ақ жол тіледі.
Ауданымыздың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында Астанаға тегін саяхат ұйымдастырып, ақсақалын құрметтеген аудан әкіміне ардагерлер алғыстарын айтты.
«Өскен өңір» – ақпарат.