Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 14 тамыздағы бұйрығымен Ибраймов Шоқан Құралбайұлы Шардара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Шоқан Құралбайұлы 1989 жылы Шардара ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Бұған дейін Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жетекші маман, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Талдау және тәуекелдер басқармасы Талдау бөлімінің басшысы, Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында басшының орынбасары, Бәйдібек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тұран АЭА» кеден бекетінің басшысы кызметтерін атқарған.
Шоқан Құралбайұлының жаңа қызметінде мол жетістіктер тілейміз!
«Өскен өңір» газетінің ұжымы.