Аптаның сәрсенбісінде аудандық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған алқалы жиында осы мәселе күн тәртібіне қойылды.
«Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектес, перекурсорларды насихаттау және жарнамалауына тосқауыл қою» атты тақырыпта өткен жиынға білім беру ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, халық белсенділері, «Жастар орталығының» қызметкерлері қатысты.
Аталған шара барысында жиынға төрағалық етуші жақында ғана тағайындалған аудан прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы аудан тұрғындарына осы тақырыпта ашық сөйлесті. Прокурор өз сөзінде әуесқойлық әуелден жасөспірім балалар арасында қарқынды дамитын болғандықтан, мектеп қабырғасындағы балаларға түсіндірме жұмыстарын жақсылап атқару керектігін айтты.
Аудан прокуратурасының прокуроры Әшімхан Сәбит Бақтыбайұлы да есірткі тұтынудың зияны, оның қылмысқа итермелейтіні, сонымен бірге есірткілік заттың түрлеріне шолу жасап, кең көлемді баяндама жасады. Баяндамашының сөзінен кейін аталған мәселелер талқыға салынды.
Есірткіге қарсы күресте маңызды аспектілердің бірі – заңсыз айналымдағы есірткі мен жүйкеге әсер ететін заттарды пайдаланудың алдын алу.
Есірткі заттарының мынадай түрлері бар:
- Есірткі заттар (өсімдіктер): қара сора өсімдігі, көкнәр өсімдігі және олардан шығатын есірткілер (гашиш, апиын) заттар.
- Жартылай синтетикалық есірткі заттар: героин, эфедра, кока өсімдіктерінен шығатын есірткілер.
- Психотроптық заттар: (қатаң рецептпен берілетін әр түрлі дәрілер) зауыттан шыққан дәрілер, синтетикалық есірткі заттар (фентанилдер, метадон, ЛДС т.б).
Прекусорлар – уксус қышқылы ангидриді, эфедра, эфедрин – есірткі заттар жасағанда пайданылатын заттар.
Қара сора өсімдігінен алынған есірткі заттардың құрамында ең белсенді компонент – тетрагидроканнабионол болады.
Марихуана деп – қара сора өсімдігінің ұсақталған, кептірілген өсімдіктерін айтады.
Жалпы осы секілді өсімдіктерден өсімдік майлары- нан, құрғақ жапырағынан жасалған есірткі өнімдері адамның өне бойына еніп, көп уайым-қайғыны уақытша ұмыттыратын, рахат сезімге бөлейтін күші болғанмен адам денсаулығына өте зиянды және қылмыстық зат екендінгі мәлім. Қазақстан Республикасында есірткіні тұтыну ауыр қылмыс болып табылады. Оны тұтынушы да, оны сатушы да, тасымалдаушы да заңмен қатаң жазаланады.
Келешек ұрпақтың кемел болашағы үшін балаңызды сәби кезінен зиянды заттардан аулақ тәрбиелеңіз!
"Өскен өңір" – ақпарат.