Аудан әкімі А.Қарсыбаевтың тапсырмасымен, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев Көксу ауылында орналасқан Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған күрделі жөндеу жұмыстары келісім-шартқа сәйкес 2025 жылға өтпелі.
Бүгінгі таңда, мектептің 1972 жылы салынған 3 қабатты ғимаратына демонтаж жұмыстары 100 пайыз жүргізіліп, монтаждау жұмыстарының 90 пайызы орындалып отыр.
Ал, мектептің 2006 жылы салынған 2 қабатты бөлігінің демонтаж жұмыстары 30 пайызға орындалып, терезелер орнату және сыртқы қабырғаны қаптау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға жалпы 54 жұмысшы жұмылдырылған.
Айта кетсек, жаңа 2024-2025 оқу жылына мектептің 3 қабатты 1972 жылы салынған ғимараты дайындалып, оқушылар білім алатын болады. Ал, мектептің 2 қабатты 2006 жылы салынған ғимаратының жөндеу жұмыстары оқу процесіне кедергісін тигізбестен кезең-кезеңімен 2024 жылдың қазан-қараша айларына дейін жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, Б.Шомпиев ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан Т.Тәжібаев атындағы орта мектебіне барып, жұмыстармен танысты. Жалпы биыл 5 мектеп және 2 балабақша ғимараттары ағымдағы жөндеуден өткізілуде.
Аудан әкімінің орынбасары мектептердің жөндеу жұмыстарымен танысту барысында жауапты мамандарға жұмыстың сапасы мен мерзімін бақылауда ұстап, қарқынды жұмыс істеу қажеттігін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.