1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнiне орай, қала әкiмдiгi Шардара аудандық орталық ауруханасына барып, дүние есiгiн жаңадан ашқан сәбилерге туу туралы куәлiгi мен аналарына сыйлықтар берiп қайтты.
Сондай-ақ, аудандық бiлiм бөлiмiнiң қызметкерлерi аталмыш мерекеге орай түрлi тосын жағдаймен денсаулығына нұқсан келген және тума мүмкiндiгi шектеулi балалардың үйлерiне барып, ойыншықтар мен тәттiлер үлестiрдi. Мереке қарсаңында балалардың көңiл күйiн көтерген жандарға бүлдiршiндер дән риза болды.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнiне орай, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлерi көпбалалы отбасылардың үйлерiне арнайы құттықтаумен барып, балаларға арналған тәттiлерiн таратты.
Өз тiлшiмiзден.