Ағымдағы жылдың 23-25 тамыз аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында «19-шы Қытайлық тауарлар көрмесі» өтті. Көрмеге ауданымыздың «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің тауарлары қойылып, аудан әкімдігінен аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ауыл шаруашылық бөлімнің басшысы Т.Әлімқұл, Көксу ауылдық округінің әкімі Б.Қошқарбаев және бірқатар кәсіпкерлер барды.

Электромобильдер, ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтары, агротехнологиялар мен ауыл шаруашылық өнімдері, автокөлік бөлшектері, құралдар, құрылыс материалдары, жарықтандыру құралдары, ванна мен ас үйге арналған керек-жарақтар, жиһаз, тұтыну тауарлары, тоқыма бұйымдары, аяқ киім мен бас киімдер, сөмкелер, азық-түлік, тұрмыстық техника, электр тауарлары және тағы басқаларды қамтитын ауқымды көрмеде инвестиция тарту және тәжірибе алмасу мақсатында кәсіпкерлер бірқатар қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізді.

Өз тілшімізден.