30 тамыз – Қазақстан Республикасының Ата заңы күні мерекесінің қарсаңында аудандық «Жастар ресурстық орталығына» жаңа ғимарат тапсырылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Қай кезде де болмасын жас буынға артылатын сенім мол. Міне өздеріңізге белгілі Тұңғыш Президент саябағының төрінде орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, Жастар ресурстық орталығына тапсырып отырмыз. Әрқашан елдің өркендеуі мен дамуына үлес қосып, жастық жігерлеріңіз мұқалмай, жарқын болашақтың тұтқасын ұстар тұлға болыңыздар»- деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Арман Романұлы аудандық ардагерлер кеңесі- нің төрағасы Тоқсанбай Бердібековпен бірге ғимараттың ресми ашылу лентасын қиды. Аудан басшысы жаңа ғимаратпен танысып, бірқатар белсенді жастарға Алғыс хат тапсырып, жаңа ғимаратқа  ноутбук пен принтерлер тарту етті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.