Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобилділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Жуалиеваның 2023 жылдың 01 шілдесіндегі №27 бұйрығымен Шардара ауданы бойынша «Мансап орталығы» филиалының директоры лауазымына Майханов Нартай Қуанышбекұлы тағайындалды.

Жазғы демалысқа шыққан депутаттар қазіргі таңда жер-жерде өз сайлаушыларымен кездесулер өткізуде. Осы мақсатта кеше жерлесіміз, ақын, қоғам қайраткері, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Шардара өңіріне іссапармен келді.

Жуырда Түркістан облысының прокуроры Тілеубердиев Мұрат Әжінұрұлы Шардара ауданында болып, аудан ақсақалдары, ардагерлері, қоғамдық ұйымдар және аудан активімен кездесті.

Шілденің 7-8-9 жұлдыздарында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Шардара ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері өтті. Мәдени шараны қала тұрғындары мен қонақтар тамашалады.

Апта басында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудан әкімі Қайрат Жолдыбай ауданымыздағы ақпарат саласының өкілдерін құттықтады.

«Сіздерді бұқаралық ақпарат құралдары күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаз айлары – балалар үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – балалардың жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.