ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАР ҚУАНЫП ҚАЛДЫ
- Қаралды: 826

Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі болып бекітілген. Осыған сәйкес аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мүгедектігі бар жандарға құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттар тапсырды.
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
- Қаралды: 1004

1994 жылдан бері әлемнің 100-ге жуық мемлекеті атап өтетін «Ұстаздар күні» мерекесі шағалалы Шардара ауданында да жоғары деңгейде өткізілді.
«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ – ӨНЕГЕНІҢ БАСТАУЫ»
- Қаралды: 1198

Әрбір отбасының дана қариясы, ақылшы әжесі атанып отырған қазыналы қарттардың қоғамдағы алар орны ерекше. Ардагер деп ардақ тұтып жүрген қарт адамдар қашан да елдің тыныштығы мен бірлік-берекесін тілейді. Сондай жандардың бірі, бірегейі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Тоқсанбай Бердібеков ағамызбен мереке қарсаңына орай кездесіп, әдемі сұхбат жүргізген болатынбыз. Ағамызбен болған тәлім мен тағылымға толы сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛУДЕ
- Қаралды: 959

Апта барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мен аудан прокуроры Руслан Әбдірайымов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің заңдылығы мәселесі бойынша Достық, Ақшеңгелді, Қызылқұм және Алатау батыр, Ұзын ата, Көксу, Қоссейіт ауылдық округтерінде болып, тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
ҚАЗЫНА ДАРЫҒАН ҚҰРМЕТТІЛЕР
- Қаралды: 853

Бүгінгі күндері Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы көрме экспозициясына тұрақты түрде экскурсиялар жүргізіп, «Ардақты ардагер» атауымен лекциялар оқуда. Апта барысында мекемедегі кезекті қойылған көрме «Қазына дарыған құрметтілер» атауымен көпшілікке ұсынылды.
ҚАЙСАР ТАҒЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
- Қаралды: 1209

Қыркүйек айының 22-23 күндері Сайрам ауданында қазақ күресінен "Оңтүстік Қазақстан" облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі 59-шы түрнирі өтті. Аталған жарыста облысымыздың түкпір-түкпірінен келген балуандар бас қосты. Осы жарыста +90 кг салмақта бақ сынаған жерлесіміз Қайсар Шамшидинов барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тағынды.
Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта да биік тұғырдан көріне беруіне тілектеспіз!
«Шардара-спорт».
Парақ 122 барлығы 215




