Өскен өңір
Toggle Navigation
  • Бастапқы
  • Газет туралы
  • Саясат
  • Қоғам
  • Спорт
  • Шардара шежіресі
  • Архив ПДФ
  • Әралуан
Таза Қазақстан 1
Таза қазақстан 2
Таза Қазақстан 3
Таза қазақстан 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың:

- сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы – бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Мәслихаттар депутаттығына:

- партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

- бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса,олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Дүниежүзілік мақта күніне орай, Түркістан облысында «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтіп, ау...

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
Шардара ауданында ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі саналады....

Толық оқу

АУДАН ТЫНЫСЫ

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРА...
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА

Толық оқу

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙ...
ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

Толық оқу

АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК ...
АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

Толық оқу

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН...
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Толық оқу

СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗ...
СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Толық оқу

ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕ...
ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Толық оқу

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Жарияланды: 27 Ақпан 2026
Қаралды: 168

Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев қала мен ауыл әкімдерін қабылдап, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды өткізу бойынша ағымдағы дайындық жұмыстарын пысықтады.

Толық оқу ...

РЕФЕРЕНДУМДЫ ӨТКІЗУ, ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІПТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды: 27 Ақпан 2026
Қаралды: 167

25 ақпан күні Шардара аудандық мәдениет сарайында Шардара аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Толық оқу ...

ШАРДАРА АУДАНЫНА 60 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Жарияланды: 27 Ақпан 2026
Қаралды: 249

Шардара ауданына өткен жылы негізгі капиталға 56,6 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Толық оқу ...

«ХАЛЫҚ КЕЛІП-КЕТКЕНДІ ЕМЕС, ҚИЫЛЫП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНДІ СЫЙЛАЙДЫ»

Жарияланды: 20 Ақпан 2026
Қаралды: 187

МҰРАТ ТІЛЕУБЕРДИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: «ХАЛЫҚ КЕЛІП-КЕТКЕНДІ ЕМЕС, ҚИЫЛЫП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНДІ СЫЙЛАЙДЫ»

Толық оқу ...

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жарияланды: 20 Ақпан 2026
Қаралды: 426

Өткен аптада «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында Шардара аудандық «Мансап орталығында» мүгедектігі бар азаматтарға, жұмыссыз жастарға және жұмыссыздарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Толық оқу ...

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды: 20 Ақпан 2026
Қаралды: 152

Халық пен билік арасында дәнекер болатын, ел ішіндегі өзекті мәселелерді қозғап, оның шешілуін қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдарға уәжін жеткізетін ұйымдарды Қоғамдық кеңестер деп атаймыз.

Қоғамдық кеңестерді құру бастамасы Қазақстанда 2013 жылы қолға алынды. Аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсете білген ұйымдардың 2015 жылы құқықтық мәртебесі айқындалды. Қоғамдық кеңестер туралы арнайы заң қабылданды.

Қоғамдық кеңес – консультативтік-кеңесші, байқаушы орган. Олар екі деңгейде – республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылды. Сондай Қоғамдық    кеңес Шардара ауданында да құрылған.

Кешегі аптада аудан әкімдігінде Қоғамдық кеңестің 2026 жылғы алғашқы мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, кеңес мүшелері, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиынды кеңес төрағасы Нұрмаханбет Сапаров жүргізіп отырды.

Жиында бекітілген бірінші мәселе бойынша қоғамдық        кеңестің жұмыс жоспары бекітілді. Екінші мәселе – 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков хабарлама жасады. Бұл мәселе бойынша атқарылған жұмыстарға оң баға берген кеңес мүшелері өздерін толғандырып жүрген сауалдарға тиісті жауап алды.

Мұнан соң, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары тыңдалды. Бұл жайлы аталған бөлім бастығының міндетін атқарушы А.Сатбаев хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе – Шардара қаласындағы атаусыз көшелерге атау беру туралы қала әкімінің орынбасары С.Әбдінасыров баян етті.

Келесі кезекте Сүткент ауылының тұрғыны Д.Асылханұлы Сырдария өзені арқылы Сүткент-Байтоғай бағытында көпір салудың маңыздылығын атап өтті. Мүмкін болса, осы ұсынысты аудан әкіміне жеткізуді сұрады.

– Сүткент ауылы Шардара-Арыс тасжолынан 8 шақырым қашықтықта, Сырдария өзені бойында орналасқан. Ауылға қарама-қарсы бетте, өзеннің арғы бетінде Байтоғай ауылы орналасқан. Егер, өзен үстіне екі ауылды жалғайтын көпір салынса, онда Сүткент ауылы тұрғындарының Шымкентке қатынауы едәуір жеңілдейді. Ол кезде Сүткенттіктердің ғана емес, өзге ауылдық округтердің тұрғындары да, осы жол арқылы көп жол қысқартар еді, – дейді Д.Асылханұлы.

Өз тілшімізден. 

Парақ 15 барлығы 221

  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19

СОҢҒЫ МАҚАЛАЛАР

  • АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
  • ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

                     

                    ПДФ НҰСҚА

    

  

 

Құрметтi оқырман!

Өз газеттерiңiз, сүйiктi басылымдарыңыз – «Өскен өңiрге» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу басталғанын назарларыңызға саламыз.

Газетiмiзге 6 айға аудандық «Қазпошта» арқылы 3065 теңге және «Ернұр-пресс» ЖШС арқылы 2718 теңгеге жазылуға болады.

Сонымен бiрге редакцияның өзiнде де жазыла аласыздар.

Газеттiң индексi – 66731.

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Жерлесіміз Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында 18-24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.

Толық оқу ...

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Жуырда «Қарттар күнінің» құрметіне Ұзын ата ауылдық мәдениет үйінде «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында аудандық термешілер байқауы болып өтті.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСІМІЗ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жуырда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты болып өтті. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның көк туын қорғаған спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қырғыз Республикасында 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

Толық оқу ...

 

"ӨСКЕН ӨҢІР" ЖШС

Директор-бас-редактор:  

Сәбит Лаханов

Тілшілер: 

Мадина Ералы

                  

                  

БАЙЛАНЫС

Электронная почта:  

oskenonir@mail.ru

LSK_2408@mail.ru

Телефон/факс:

8 (72535) 2-18-60

Бас-редактор:

8 (72535) 2-11-59

 

 МЕКЕНЖАЙ

«Өскен өңір» ЖШС.

Тіркеу куәлігі №11291-Г. 27.12.2010 ж.

Туркістан облысы.  Шардара ауданы, Шардара қаласы,  С.Аширов, 6 үй

 

 

Back to Top

© 2026 Өскен өңір