Апта барысында «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының ұйытқы болуымен аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды жиын өтті. Басқосуға аудандық полиция бөлімі, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №40 өрт сөндіру және №38 жеке өрт сөндіру бекетінің жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жиынды «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлы жүргізіп отырды. 

Шардара қаласындағы Орталық стадионда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметінің құрылғанына 32 жыл толуына орай, жастарға әскери  патриоттық тәрбие беру, жастарды Отан қорғауға дайындау мақсатында «Шардара шекара бөлімінің» ұйымдастыруымен 18 тамыз күні «Шекарашылар күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының  14  тамыздағы  бұйрығымен Ибраймов  Шоқан  Құралбайұлы Шардара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып  тағайындалды.

Шоқан Құралбайұлы 1989 жылы Шардара ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Бұған  дейін  Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жетекші маман,   Түркістан    облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Талдау және тәуекелдер басқармасы Талдау бөлімінің басшысы, Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында басшының орынбасары, Бәйдібек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тұран АЭА» кеден бекетінің басшысы кызметтерін атқарған.

Шоқан Құралбайұлының жаңа қызметінде мол жетістіктер тілейміз!

«Өскен өңір» газетінің ұжымы.

 

Ауданымыздың дамып, өркендеуіне елеулі үлес қосқан алдыңғы толқын ағалардың ерен еңбегі  өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болары сөзсіз. Осы мақсатта газет бетінде арнайы айдар ашылып, мақалалар жазылуда, кітапханалар мен мектептерде кездесулер өтуде. Жастарға үлгі боларлық мұндай шаралар алдағы уақыттары да жалғасын таба берері анық.

Апта басында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың ұйымдастыруымен зейнет жасындағы 30 еңбек ардагері Астана қаласына саяхат жасауға аттанды. 

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Жетпісбаевты  қабылдады.  Шардара  ауданы бойынша  2024 жылдың 6 айының қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы бойынша жұмыстардың жайын сұрап, мәселелерді талқылады.