Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Апта барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы Ержан қажы Төлепов Шардара ауданына арнайы іссапармен келді. Облыс имамын Шардара ауданының әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы арнайы қабылдап, діни ахуал жайлы кең көлемде әңгіме-сұхбат құрды.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желіге тәуелді жасөспірімдер санының азаймай отырғаны қоғамда алаңдаушылық туғызып отырған көкейкесті мәселе. Әсіресе, әлеуметтік желілердің жас аудитория үшін кері әсерін тигізіп отырғанына мамандар әркез дабыл қағумен келеді.

Адамзат тарихында өшпес орын алған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 78 жыл толды. Бүгінгі ұрпақ сол соғысқа қатысқан майдангерлерге, жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл еңбеккерлеріне мәңгілік қарыздар.

Осы күні аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, ҰҚК Шардара аудандық бөлімінің басшысы Н.Төлегенов,  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Е.Жұманов және ардагерлер мен тұрғындар орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып қойылған «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлеріміздің рухына құрмет көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелері қарсаңында «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Е.Бекет, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қ.Тілешова, партияның қоғамдық саяси кеңес мүшесі С.Лахановтар Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы 96 жастағы Ерімбетова Күлпан апа мен тыл ардагері 94 жастағы Ақмолдаев Орынбасар ақсақалдың отбасыларына барып, тыл еңбеккерлерін қос мерекемен құттықтады.