АУДАН ПРОКУРОРЫ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
- Қаралды: 315


Аптаның сейсенбісінде аудан прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы «Қоғаммен бірге бол» жобасы аясында тұрғындармен және қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – азаматтармен тікелей байланыс орнату, өзекті мәселелерді талқылау және прокуратура жұмысының ашықтығын арттыру.
СЕНАТОРЛАР ІССАПАРМЕН ШАРДАРАҒА КЕЛДІ
- Қаралды: 301

Өткен аптада ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары жұмыс сапарымен Шардара ауданына келді. Делегация өңірдегі ірі өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
АУДАН ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
- Қаралды: 628

Италияның тарихи астанасы – Рим қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» әлемдік финалында 28 мемлекеттен 2 мыңнан астам қатысушы бақ сынады. Олардың қатарында Қазақстаннан барған 90 дарынды жас та өз білім-білігін көрсетіп, халықаралық аренада ел намысын қорғады.
Сол үздіктердің бірі – Шардара қаласындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Ережеп Уәлихан. Ережеп Уәлихан ұстазы Раушан Исақованың жетекшілігімен «Avtonomy Car» категориясында II орын, информатика пәнінің мұғалімі Маржан Саудабаеваның жетекшілігімен «3 kg Sumo» категориясында III орын иеленіп, әлемнің айтулы командалары арасынан топ жарды.
Әлемдік додада озық нәтижеге қол жеткізген шәкіртті апта барысында аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы салтанатты түрде қабылдады.
Қабылдау барысында Арман Романұлы дарынды оқушыға: «Білектіге – сенім, білімдіге – жеңіс серік. Еліміздің даңқын асқақтата беруіңе тілектеспін», – деп жылы лебізін білдіріп, Алғыс хат пен 500 мың теңгелік сертификат табыс етті.
Сонымен қатар, шәкіртінің талабын ұштап, табысқа жетелеуде ерекше еңбек сіңірген ұстаздар «Шардара ауданына 60 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Бұл жеңіс – қажырлы еңбек, талмай іздену және үздіксіз дайындықтың жарқын жемісі.
Мектеп ұжымына шығармашылық табыс, жаңа белестер тілейміз!
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
АРДАГЕРЛЕР ҚАУЫМЫ АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТКЕРДІ
- Қаралды: 325

Өткен аптада аудандық ардагерлер үйінде ардагерлер кеңесінің алқа мәжілісі өтті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебінің» өкілдері, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы», денсаулық сақтау саласының мамандары, төтенше жағдайлар бөлімі және газ шаруашылығы мекемелерінің өкілдері қатысты.
ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
- Қаралды: 295


Апта басында аудан әкімі Арман Қарсыбаев қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқынын бақылап қайтты.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ
- Қаралды: 309

30 қараша күні Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Дала сазы» ІІ республикалық өнер байқауы өткен болатын.
Парақ 22 барлығы 221





