ОҚУШЫЛАР АҚЫНМЕН КЕЗДЕСІП, РУХАНИ НӘР АЛДЫ
- Қаралды: 1204

Апта барысында аудандық оқушылар үйінде жергілікті ақын, аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы, «Қазыбек Иса атындағы шығармашылық бірлестіктің» төрағасы Лаханов Сәбит Қоспанұлымен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты – өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлердің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
ЗӘУЛІМ МЕШІТ АШЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- Қаралды: 860

Мұсылман қауымы үшін қасиетті деп саналатын жұма күні, нақты айтқанда 1 қараша күні Шардараның төрінде, талай тектілер шыққан атыраптың көгінде Алланың жердегі үйі саналатын зәулім мешіт ашылып, халық игілігі үшін пайдалануға берілді.
АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
- Қаралды: 713

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес Нұрахов Ержан Сапарұлы 2024 жылғы 4 қарашадан бастап аудан әкімінің өкімімен Шардара ауданы әкімдігінің аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРҒА ИЕ БОЛДЫ
- Қаралды: 677

Республика күні қарсаңында облыс орталығы – Түркістанда «Жаса, жайна, Қазақстан!» атты салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, «Тұлғалар» прологымен ашылған мерекелік кештің көрнекті сәттері ұлттық мерекенің мәні мен маңызын жан-жақты айшықтады.
ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ЛАЙЫҚТЫ ТҮРДЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ
- Қаралды: 586

Кешегі аптада ауданымызда 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, тұрғындар мен қонақтарды Республика күні мерекесімен құттықтады.
– Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
АҚЫННЫҢ КЕШІ АЙШЫҚТЫ ӨТТІ
- Қаралды: 769

Қазақ әдебиетінде, оның ішінде поэзияда өзіндік орындары бар жерлестеріміз жетерлік. Шардара ауданынан шыққан ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, өзге саланың маманы болғанымен өлең-сөзде өзіндік орны бар екендігін танытып қойған Бауыржан Қарабеков, бүгінде арамыздан озған белгілі түркітанушы, сыншы-ғалым, ақын Әмірхан Балқыбек, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Әлібек Шегебайлар бүгінде шардаралықтардың ғана емес, күллі қазақтың мақтанышына айналып отыр.
Парақ 53 барлығы 221





