Өскен өңір
Toggle Navigation
  • Бастапқы
  • Газет туралы
  • Саясат
  • Қоғам
  • Спорт
  • Шардара шежіресі
  • Архив ПДФ
  • Әралуан
Таза Қазақстан 1
Таза қазақстан 2
Таза Қазақстан 3
Таза қазақстан 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың:

- сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы – бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Мәслихаттар депутаттығына:

- партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

- бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса,олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Дүниежүзілік мақта күніне орай, Түркістан облысында «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтіп, ау...

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
Шардара ауданында ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі саналады....

Толық оқу

АУДАН ТЫНЫСЫ

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРА...
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА

Толық оқу

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙ...
ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

Толық оқу

АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК ...
АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

Толық оқу

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН...
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Толық оқу

СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗ...
СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Толық оқу

ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕ...
ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Толық оқу

БАСШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНЫП, ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды: 04 Қазан 2024
Қаралды: 844

Кешегі аптада сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті ХХVI сессиясы өтті. 

Сессия жұмысына аудан әкімі Арман Қарсыбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев пен аудандық мәслихат депутаттары, қала, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары, мектеп директорлары қатысты.

Жиынды жүргізіп отырған аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Мүтәлиев сессияның күн тәртібінде қаралатын жалпы 14 түрлі мәселемен көпшілікті таныстырып өтті.  Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «Шардара ауданы әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі»  бойынша аудан әкімі А.Қарсыбаевтың есебі тыңдалып, депутаттар тарапынан атқарылған жұмыстарға оң баға берілді.

Ауыз су, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, көшеге газ тарту сияқты мәселелерді қозғаған аудандық мәслихат депутаттарына аудан әкімі нақты дәлелдермен жауап қайтарып отырды.

– Биылғы жылдың басында еліміздің батыс өңірлері тасқын судың зардабын шеккендіктен қаржылар сол аймақтарға берілді. Осындай белгілі себептермен  бірер жобаларымыз кешеуілдеп жатқаны болмаса, жалпы жыл басынан бері көптеген маңызды шаруаларды жүзеге асырдық. Ауданның әлеуметтік-эккономикалық дамуы үшін алдағы уақытта да өздеріңізбен бірлесе еңбек ете беретін боламыз, – деді аудан әкімі Арман Романұлы.

Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша, атап айтқанда «Алатау батыр ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі» бойынша Алатау батыр ауылдық округінің әкімі Мейірбек Ақжаров, «Қоссейіт ауылдық округі  әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі» бойынша Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар, «Жаушықұм ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі»  бойынша Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейітов, «Аудандық білім бөлімі басшысының 2024 жылы бөлімге жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі» бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева есепті хабарлама жасады. Депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар қайтарылды.

Күн тәртібінде мұнан басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Аудан әкімінің

баспасөз қызметі.

 

КӨКСУЛЫҚ ДИҚАН КҮРІШТЕН МОЛ ӨНІМ АЛУДА

Жарияланды: 04 Қазан 2024
Қаралды: 1077

Көксу ауылдық округінің тұрғыны, «Бағдат» шаруа қожалығының төрағасы Ералиев Аманәлі Киікбайұлы биыл 25 гектар жерге күріш дақылын еккен.

Диқан күріштің «Лазер» және «Мустахиллық» сұрыптарын егіп, гектарынан 70-75 центнердің  арасында өнім алуда. Аманәлі Киікбайұлы жалпы 165-170 тонна өнім алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Толық оқу ...

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМҒА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Жарияланды: 04 Қазан 2024
Қаралды: 976

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың үшінші отырысында: «Алдымен, есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады.

Толық оқу ...

ХАЛ-ЖАҒДАЙЫН СҰРАҒАНҒА ҚАРТТАР МӘЗ...

Жарияланды: 04 Қазан 2024
Қаралды: 649

Жыл сайын елімізде қазан айында «Халықаралық қарттар күні» аталып өтеді. Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан да аталған мерекеге орай біршама жұмыстар атқарылды.

Толық оқу ...

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚ ОРТАСЫНДА

Жарияланды: 27 Қыркүйек 2024
Қаралды: 627

Қазіргі таңда Қазақстанда АЭС салу туралы референдум өткізу күн тәртібінде тұрғаны баршаға аян. Осы мәселе төңірегінде республикалық, облыстық, аудандық деңгейде халықтық штабтар құрылып, жұртшылықпен кездесулер өткізуде.

Толық оқу ...

МАҚТА ПУНКТТЕРІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

Жарияланды: 27 Қыркүйек 2024
Қаралды: 686

Ауданымыздағы шаруа баққан жандардың дені мақта өсірумен айналысатыны белгілі. Енді аз ғана уақыттан соң мақта терімі басталады. Жиын-терім қалай жүргізілмек? Мақта қабылдау пункттерінің дайындығы қалай? Осы мәселелерді назарға алған облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Арман Қарсыбаев және аудан прокуроры Алмас Әлі Шардара ауданындағы мақта қабылдау пункттері мен зауыттарды аралап, шаруалармен көшпелі кездесулер өткізді.

Толық оқу ...

Парақ 56 барлығы 221

  • 51
  • 52
  • 53
  • 54
  • ...
  • 56
  • 57
  • 58
  • 59
  • ...

СОҢҒЫ МАҚАЛАЛАР

  • АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
  • ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

                     

                    ПДФ НҰСҚА

    

  

 

Құрметтi оқырман!

Өз газеттерiңiз, сүйiктi басылымдарыңыз – «Өскен өңiрге» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу басталғанын назарларыңызға саламыз.

Газетiмiзге 6 айға аудандық «Қазпошта» арқылы 3065 теңге және «Ернұр-пресс» ЖШС арқылы 2718 теңгеге жазылуға болады.

Сонымен бiрге редакцияның өзiнде де жазыла аласыздар.

Газеттiң индексi – 66731.

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Жерлесіміз Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында 18-24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.

Толық оқу ...

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Жуырда «Қарттар күнінің» құрметіне Ұзын ата ауылдық мәдениет үйінде «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында аудандық термешілер байқауы болып өтті.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСІМІЗ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жуырда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты болып өтті. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның көк туын қорғаған спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қырғыз Республикасында 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

Толық оқу ...

 

"ӨСКЕН ӨҢІР" ЖШС

Директор-бас-редактор:  

Сәбит Лаханов

Тілшілер: 

Мадина Ералы

                  

                  

БАЙЛАНЫС

Электронная почта:  

oskenonir@mail.ru

LSK_2408@mail.ru

Телефон/факс:

8 (72535) 2-18-60

Бас-редактор:

8 (72535) 2-11-59

 

 МЕКЕНЖАЙ

«Өскен өңір» ЖШС.

Тіркеу куәлігі №11291-Г. 27.12.2010 ж.

Туркістан облысы.  Шардара ауданы, Шардара қаласы,  С.Аширов, 6 үй

 

 

Back to Top

© 2026 Өскен өңір