Өскен өңір
Toggle Navigation
  • Бастапқы
  • Газет туралы
  • Саясат
  • Қоғам
  • Спорт
  • Шардара шежіресі
  • Архив ПДФ
  • Әралуан
Таза Қазақстан 1
Таза қазақстан 2
Таза Қазақстан 3
Таза қазақстан 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың:

- сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы – бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Мәслихаттар депутаттығына:

- партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

- бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса,олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Дүниежүзілік мақта күніне орай, Түркістан облысында «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтіп, ау...

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
Шардара ауданында ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі саналады....

Толық оқу

АУДАН ТЫНЫСЫ

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРА...
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА

Толық оқу

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙ...
ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

Толық оқу

АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК ...
АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

Толық оқу

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН...
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Толық оқу

СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗ...
СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Толық оқу

ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕ...
ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Толық оқу

АУЫЛ ЖАТЫР ТОЙ ЖАСАП...

Жарияланды: 27 Қыркүйек 2024
Қаралды: 836

Сүткент ауылының тарихы сонау ХІ ғасырдан бастау алады. Ұлы Жібек жолы бойындағы Сүткент сол заманда өркениет пен мәдениет орталығы саналған. Шежіресі тереңде жатқан осынау мекенде 1844 жылы Сүткент кеңшары құрылып,  аудандағы алдыңғы қатарлы ұжымға айналды. Кешегі аптада осы Сүткент ауылының 80 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді.

Толық оқу ...

АРДАГЕРЛЕР ҚАУЫМЫНА АРТЫЛАР ЖҮК ОСАЛ ЕМЕС

Жарияланды: 27 Қыркүйек 2024
Қаралды: 1485

Өздерiңiзге белгiлi, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда, 1 қазанды Халықаралық қарттар күнi деп жариялаған болатын. Содан берi бұл мерекенi бүкiл әлем кең көлемде атап өтiп келедi.

Толық оқу ...

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ХАЛЫҚ ОРТАСЫНДА

Жарияланды: 20 Қыркүйек 2024
Қаралды: 832

Апта барысында АЭС мәселесі жөніндегі облыстық халықтық штаб басшылары мен мүшелері Шардара ауданына ат басын тіреді. 

АЭС салуды қолдау жөніндегі Түркістан облыстық халықтық штаб мүшелері Н.Әбішев, З.Қамбарова және аудандық халықтық штаб мүшелері – Е.Бекет, Б.Мүталиевтер Шардара ауданының кәсіпкерлері, №16 колледж ұжымы және  «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытының ұжымымен кездесіп, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді. 

Толық оқу ...

РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жарияланды: 20 Қыркүйек 2024
Қаралды: 869

Елімізде АЭС құрылысы туралы 6 қазанда референдум өтетіндігі баршаға белгілі. Қазіргі таңда ұйымдастыруға жауапты мекемелер тарапынан аталған іс-шараның өткізілу ережесі жан-жақты түсіндірілуде. 11 қыркүйекте Шардара аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен осы мақсатта оқыту семинары өткізілді.

Толық оқу ...

МАҢЫЗДЫ САЛАЛАРДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Жарияланды: 20 Қыркүйек 2024
Қаралды: 607

Жуырда аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны болып өтті.

Коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, жұмыспен қамту секілді маңызды мәселелер қаралған жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Сержан Ильясов бастаған тиісті сала басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес отырысын төраға Мұрат Нұрпейісов ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші болып аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Мейірбек Шомпиев санитарлық тазалық, ауыз сумен қамту, көгалдандыру, «Таза Қазақстан» акциясы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. М.Шомпиев өз сөзінде табиғи газ, ауыз су, жарықтандыру, жол, санитарлық тазалық, қатты қалдықтарды шығару мәселелері бойынша біршама жұмыстарды баяндады. Хабарламашының сөзінен соң кеңес мүшелері аталған бөлімнің кей салаларда атқарған жұмыстарына, атап айтқанда, ауыз сумен қамту, газ жүйесі тартылмаған көшелерді газдандыруда кемшіліктер бар екенін атап өтті. Келешегі жоқ деп танылған, таратылған елді мекендерге ауыз су тарту деген қисынға келмейтінін, 20 шақты үйге табиғи газ құбырын тарту үшін 300-400 млн теңге сұрау тым артық екендігін қадап айтты. Сонымен бірге қатты қалдықтарды шығару, қала ішіндегі қоғамдық көліктердің кестесін қайта қарау, кәріз жүйелерінің жұмысын нақтылау мәселелерін тапсырды.

Екінші болып сөз алған аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайсар Нұрманов өз хабарламасында осы жылы пайдаланылмай жатқан 2500 гектар жер ауданның арнайы жер қорына алынғанын, 750 гектар жерді қайтару бойынша облыстық сотта іс қаралып жатқанын, мақсатты пайдаланылмай жатқан 3400 гектар жайылым жерді қайтару үшін талап арыз беру қаралып жатқанын жеткізді. 2600 гектар жер заңсыз, мақсатына сай пайдаланбағандықтан олардың иелеріне облыстық жер инспекциясы тарапынан айыппұл салынған екен. Сонымен бірге хабарламашы өзге де жұмыстарға шолу жасап өтті.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық «Мансап орталығының» директоры Нартай Майханов сөз алып, біршама жұмыстарды баяндап өтті. Аталған мекеме биылғы жылы жоспар бойынша 3075 адамды жұмыспен қамту керек болса, бүгінгі таңға дейін 2159 адам жұмыспен қамтылыпты. 152 азамат онлаин оқып, мамандықтары бойынша сертификат алған, 81 азамат қайтарымсыз грант иеленген. «Әрбір бағдарлама бойынша бекітілген жоспар жыл аяғына дейін толық орындалады» дейді Н.Майханов.

Жиын соңында кеңестің ішкі тәртібіне орай 1 мүше құрамнан шығарылып, 1 мүшеге ескерту берілді, қаралатын мәселелер бойынша сол салаға жауапты басшылардың қатысуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Өз тілшімізден.

 

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

Жарияланды: 20 Қыркүйек 2024
Қаралды: 1474

Кешегі аптада аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс V пленумы болып өтті. 

Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, аудандық ардагерлер кеңесінің пленум мүшелері, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, мекеме, ұйым басшылары қатысты.

Толық оқу ...

Парақ 57 барлығы 221

  • 52
  • 53
  • 54
  • ...
  • 56
  • 57
  • 58
  • 59
  • ...
  • 61

СОҢҒЫ МАҚАЛАЛАР

  • АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
  • ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

                     

                    ПДФ НҰСҚА

    

  

 

Құрметтi оқырман!

Өз газеттерiңiз, сүйiктi басылымдарыңыз – «Өскен өңiрге» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу басталғанын назарларыңызға саламыз.

Газетiмiзге 6 айға аудандық «Қазпошта» арқылы 3065 теңге және «Ернұр-пресс» ЖШС арқылы 2718 теңгеге жазылуға болады.

Сонымен бiрге редакцияның өзiнде де жазыла аласыздар.

Газеттiң индексi – 66731.

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Жерлесіміз Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында 18-24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.

Толық оқу ...

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Жуырда «Қарттар күнінің» құрметіне Ұзын ата ауылдық мәдениет үйінде «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында аудандық термешілер байқауы болып өтті.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСІМІЗ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жуырда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты болып өтті. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның көк туын қорғаған спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қырғыз Республикасында 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

Толық оқу ...

 

"ӨСКЕН ӨҢІР" ЖШС

Директор-бас-редактор:  

Сәбит Лаханов

Тілшілер: 

Мадина Ералы

                  

                  

БАЙЛАНЫС

Электронная почта:  

oskenonir@mail.ru

LSK_2408@mail.ru

Телефон/факс:

8 (72535) 2-18-60

Бас-редактор:

8 (72535) 2-11-59

 

 МЕКЕНЖАЙ

«Өскен өңір» ЖШС.

Тіркеу куәлігі №11291-Г. 27.12.2010 ж.

Туркістан облысы.  Шардара ауданы, Шардара қаласы,  С.Аширов, 6 үй

 

 

Back to Top

© 2026 Өскен өңір