- Қаралды: 684
Шілде айының 27-28-і күндері Ақтөбе қаласында грепплинг UWW спортынан жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
- Қаралды: 929
2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде айтылды, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
- Қаралды: 648
22 шілдеде Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласовтың бұйрығына сәйкес, Мұсабеков Мейіржан Пердебекұлы (суретте сол жақта) аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшы болып тағайындалды.
- Қаралды: 1374
Аптаның сәрсенбісінде Шардара аудандық прокуратура саласында өзгерістер болды.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен өткен жиында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Досымхан Айтишев көпшілікке жаңа прокурорды таныстырды. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Әділет кеңесшісі Әлі Алмас Ермекұлы (жеке суретте) Шардара ауданының прокуроры болып тағайындалды. Ал, 5 жыл бойына аудан прокуроры қызметін жемісті атқарған Әділет кеңесшісі Руслан Әбдірайымов Қазығұрт ауданының прокуроры қызметіне кірісетін болды.
- Қаралды: 633
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны көптеп ауқымды түрде енгізу қажеттілігі және суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру жөнінде тапсырма берген болатын.
- Қаралды: 628
АРМАН ҚАРСЫБАЕВ, аудан әкімі: «ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ЖЫЛ БОЙЫ ЖҮРГІЗІП, ҮРДІСКЕ АЙНАЛДЫРУЫМЫЗ ҚАЖЕТ»
Парақ 28 барлығы 160