- Қаралды: 517
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Жетпісбаевты қабылдады. Шардара ауданы бойынша 2024 жылдың 6 айының қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы бойынша жұмыстардың жайын сұрап, мәселелерді талқылады.
- Қаралды: 1075
Күні кеше «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткен тақырыптық қоғамдық қабылдауда аудан тұрғындары тәжірибелі заңгерлер мен білікті мамандардан заң аясындағы сұрақтарына жауап алды.
- Қаралды: 507
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қоссейіт ауылдық округіндегі 9 көшеге асфальт жабыны төселуде.
Атап айтқанда, Асық ата, Сейфуллин, Абай, Әйтеке би, Жамбыл, М.Әуезов, Д.Қонаев, М.Мәметова және Бектұрғанов көшелері асфальттануда.
- Қаралды: 547
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Асанбай Махашевты қабылдап, бөлім тарапынан 2025 жылға жоспарланған жобалар туралы жұмыстарды талқылады.
- Қаралды: 1071
Тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні болып бекітілген. Осыған орай, ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген ардагер және еңбек етіп жүрген құрылысшыларға құрмет көрсетілді. Осы күні аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев құрылысшыларға облыс және аудан әкімінің, сондай-ақ, мәслихат хатшысының атынан салтанатты түрде Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырып, ыстық лебізін білдірді.
- Қаралды: 720
Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға жауапты аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
Парақ 26 барлығы 160