Халық пен билік арасында дәнекер болатын, ел ішіндегі өзекті мәселелерді қозғап, оның шешілуін қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдарға уәжін жеткізетін ұйымдардың бірі – Қоғамдық кеңестер. Қоғамдық кеңестерді құру бастамасы Қазақстанда 2013 жылы қолға алынды. Аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсете білген ұйымдардың 2015 жылы құқықтық мәртебесі айқындалды. Сол жылы Қоғамдық кеңестер туралы арнайы заң қабылданды.

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Осынау мерекелі күнге орай қолына қалам ұстаған журналистердің құрметіне түрлі іс-шаралар өтіп жатады. Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауданымыздағы ақпарат саласының өкілдерін құттықтады.

Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті. Жиында әр сала бойынша күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қозғалды.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына  сәйкес аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара ауданынан барған делегация өкілдері «Жаркент крахмал-сірне» зауытына барып, толық жұмыс барысымен танысты.

Құрметтi  шардаралықтар!

Баршаңызды мұсылман қауымының қасиеттi мейрамы – Құрбан айт мерекесiмен шын жүректен құттықтаймыз!

Жуырда Сауран ауданы, Шорнақ ауылында қазақ күресінен ересектер арасында Астана күніне орайластырылған «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу жарысы өтті. Аталған жарысқа облысымыздың ең мықты балуандары қатысып, кіл мықтының ішінде кім мықтыны анықтады.