Өткен аптада ауданы- мызда білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAI  KAZAKSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында аудандық тамыз педаго- гикалық кеңесі өтті. Кеңес жиынына аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы, ардагер ұстаздар, аудандық білім беру мекемелерінің басшылары және  БАҚ өкілдері қатысты. 

Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді.

Шардара ауданына "Agriqa Asia" ЖШС  мен бірлескен Жапония елінің  "Marubeni Protechs Corporation" компаниясының өкілі Сода Анаму мырза келіп, аудан  әкімінің уақытша міндетін атқарушы Б.Шомпиевтың қабылдауында болды.

Қабылдау барысында бірқатар тың жобалар талқыланды.  Күн тәртібіндегі  "Agriqa Asia" ЖШС  инвестициялық жобасын Жапония компаниясымен бірлесе іске асырылатындығы айтылып, тиісті жұмыстарды бастау  көзделіп отырғандығы сөз болды. Қазіргі таңда жобаны іске асыруға жер учаскесі таңдалып, тиісті құжаттары рәсімделіп, құрылыс жұмыстарын қаржы мәселелерінің шешілуіне қарай бастау күтілуде.

Инвесторлардың мақсаты – ауданда өндірістік жылыжай кешені, гранулалы құрама жем шығару кәсіпорыны, сублимациялық цех, томат өңдеу зауыты сынды бағыттарда жұмыс жасау.

"Өскен өңір" – ақпарат.

Жаушықұм ауылында тамшылатып суғару әдісімен 370 гектар күнбағыс өсіріп жатқан «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруақожалығы жиын-терімді бастады.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай, ауданның туризмін дамыту мақсатында Шардара ауданы әкімінің кубогына арналған жағажай спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.

Тамыз айының 24-25 күндері Шардара қаласында футболдан ересектер арасында Юнусов Болатбек Қақанұлының 63 жас мерейтойына арналған облыстық турнир өтті. Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірнен 14 команда қатысты.