«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында шардаралықтар Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан “Тың игерушілер” саябағында сенбілік өткізді. Тазалық шарасына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, аудан ақсақалдары, ауыл билері, қоғам белсенділері, жастар, мешіт жамағаты және тағы да басқа ұйымдарды қосқанда 100-ден астам адам қатысты.

Акция аясындағы шара барысында саябақ қоқыстардан тазартылып, ағаштарға күтім жасалды.

Сондай-ақ, аудан өнерпаздары ән айтып, тазалық шарасына қатысушылардың көңілін көтерді.

Өз тілшімізден.

 

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Ата заңы күні мерекесінің қарсаңында аудандық «Жастар ресурстық орталығына» жаңа ғимарат тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 23-25 тамыз аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында «19-шы Қытайлық тауарлар көрмесі» өтті. Көрмеге ауданымыздың «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің тауарлары қойылып, аудан әкімдігінен аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ауыл шаруашылық бөлімнің басшысы Т.Әлімқұл, Көксу ауылдық округінің әкімі Б.Қошқарбаев және бірқатар кәсіпкерлер барды.

Бүгін 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Ата заңы, Конституциясы күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Азат елдің айбыны – Ата заң» атты концерттік шара өтті. Мерекелік жиын ҚР Әнұранымен бастау алып, аудан әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиев құттықтау сөз сөйледі. 

Аптаның сәрсенбісінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне және 31 тамыз – Германиядағы Кеңес әскерлері тобы (ГКӘТ) шығарылғанына 30 жыл толуына орай Қоссейіт ауылдық округі әкімдігі мен республикалық ГКӘТ, Варшава келісімшарты әскерлер тобы (ВКШӘТ) ардагерлері қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, аталған ауыл округінде алқалы жиын өткерді.

Аудан әкімі А.Қарсыбаевтың тапсырмасымен, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев Көксу ауылында орналасқан Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған күрделі жөндеу жұмыстары келісім-шартқа сәйкес 2025 жылға өтпелі.