Елімізде алғаш рет пилоттық режимде өткен аудан әкімдері сайлауының Шардара ауданы бойынша қорытындысымен Шардара ауданының әкімі болып Қарсыбаев Арман Романұлы сайланды. Өңір басшысы бұған дейін ауданды басқарған Қайрат Жолдыбайға ауданның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.

Қазақстанда 5 қарашада үш қала мен 42 аудан әкімдерінің сайлауы өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешім қабылдауға қатысуының маңыздылығы туралы айтқан болатын.

Партияның Шардара ауданында 4107 партия мүшесін біріктіретін 15 бастауыш партия ұйымы  жұмыс істейді.

9 айдың қорытындысымен партиялық жарна 100,1%-ға (10,2 млн тг) орындалды. Партия қатарына 106 адам қабылданды.

Таяуда бокстан Астанада өткен Азия чемпионатында жастар санатындағы 5 спортшы қызымыз финалда өнер көрсетіп, 5 алтын және 5 қола жүлдені жеңіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Шардара ауданы балық өңдеу бойынша облыс көлемінде көш бастаушы аймақ екені белгілі. Бүгінде ауданда қуаттылығы жылына 8700 тоннадан астам балық өнімін өндіруге қауқарлы 5 балық өңдеу зауыты бар.

Өтетін орны: Шардара қаласы, аудандық мәдениет сарайы.

Өтетін мерзімі: 2023 жылдың 15 қараша күні, сағат 10:00-де.